Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көзге көрінбейтін қаһарман: Қазақстандағы киелі орындардың бірін кім таза ұстап жүр?

5 Тамыз 2025, 18:42
1052
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
Фото: коллаж BAQ.KZ

Бурабайдағы Абылай хан алаңы – Қазақстандағы ең қасиетті де құрметті жерлердің бірі. Бұл жерге күн сайын туристер, шетелдіктер мен елдің түкпір-түкпірінен келген адамдар ағылып келеді. Алайда, демалушылар кеткеннен кейін бұл киелі мекеннің қандай күйде қалатынын екінің бірі ойлай бермейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көпшілік әлі ұйқысынан оянбай жатып, бұл алаңның тазалығына жауапты адам жұмысын бастап кетеді – ол Виктор Вадимұлы Долинный. Ол осы аумақтың көркейіп, таза болуына бес жылдан бері жауапты. Таңғы 7:30-да оның жұмыс күні басталады, содан бері тынымсыз еңбек етіп, алаңды әрдайым таза әрі көрікті болуын қамтамасыз етеді.

Табиғат аясында жұмыс істеуді әрдайым армандайтынмын. Қазір сол арманым орындалып, мен қоғамға қажетті әрі маңызды істі атқарып жүрмін — ортақ байлығымыз, табиғат пен тарихи мұрамызды сақтап қалу жолында еңбек етудемін, – дейді Виктор Вадимұлы.

Ол жай ғана тазалықшы емес – табиғатқа және туған жер тарихына деген құрметтің үлгісін көрсетіп келеді. Оның еңбегі бәрімізге бір нәрсені еске салады: киелі жер тек құрметтеуді ғана емес, күтімді де қажет етеді.

Барша келушілерді табиғатқа ұқыпты қарауға шақырамыз! Қоқыс тастамаңыздар, тазалық үшін күн сайын еңбек етіп жүрген жандардың еңбегін қадірлейік, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы