Қостанайдың бас дәрігері қаулы қабылдады. Облыста не өзгереді?

30 Наурыз 2021, 19:38
1235
Бөлісу:
Қостанайдың бас дәрігері қаулы қабылдады. Облыста не өзгереді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 4 ақпандағы № 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қостанай облысының тұрғындары арасында COVID -19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында облыста бірқатар карантиндік шектеу қойылды.

1. 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:

- Оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту;

- сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын барлық сынып оқушысы үшін қалған жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта оқыту;

- білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушылардың сабақтан тыс уақытта жеке оқытылуына рұқсат берілді.

2. Көрермендер залын 20%-ға дейін толтыра отырып, Қазақстан чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге рұқсат берілді.

Қаулы 2021 жылғы 5 сәуір сағат 00-00 бастап күшіне енеді. Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы