Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр

7 Сәуір 2021, 21:00
2869
Бөлісу:
Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайда қазақ күресінен 2001-2003 жылы туған жастар арасында ел чемпионаты басталды. Жарыс Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналып отыр. 

Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр

Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр

Төрт күнге созылатын спорт додасының алғашқы күнінде, кеше қыздар бәсекесі болып өтті. Командалық есепте екі алтынмен Ақтөбе облысы алға шыққан, бүгін көшбасшылар қатарына Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Жамбыл облысы қосылды. 90, 100, +100 келі салмақта аталған өңірлердің спортшылары бірінші орындарды иеленді.

Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр

Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр

Еліміздің әр аймағынан 420 спортшы келді: 380 ұл және 80 қыз. Жалпы, жарыс өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ұйымдастырушыларға ризамыз. Төрешілердің бағалауы барынша әділ. Өйткені, бейнеқайталау арқылы әр әдіс жан-жақты сараланады, - дейді чемпионаттың бас төрешісі Нұрмұхамбет Жайлаубай.
Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр

Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр

Жастар чемпионатының салтанатты ашылуында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Қойшыбаев өңірдегі ұлттық спорттың дамуын тілге тиек етті.

Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр

Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр

Бүгінде Қостанай облысында үш мыңнан астам бала ұлттық спорт түрімен айналысып жүр. Олардың ішінде қазақ күресіне ынтасы артқан жеткіншектер жетерлік, - деп атап өтті әкім орынбасары әрі өңірдегі қазақ күресі федерациясының президенті Ерлан Қойшыбаев.
Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр

Бүгін жарыс көрігін қыздырған жастар арасында елордалық Естай Ермұхан да болды. Ол 100 келі сақмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, «спорт шебері» нормативін қорғады.

Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр

Осы жарысқа 11 балуан әкелдік. Бүгін үшеуі күресіп, міне, бір шәкіртім алтын медаль иеленді. Бұл Естай Ермұханның алғашқы үлкен жетістігі емес, жақында ғана Орал қаласында дзюдодан күміс жүлде алған еді. Жас спортшының болашағынан зор үміт күтеміз, - дейді Нұр-Сұлтан қаласынан келген жаттықтырушы Жанай Ибраев.
Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр

Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр

Қостанайда Жастар біріншілігіне 400 балуан қатысып жатыр

Өзгелердің жаңалығы