Қостанай облысының қай елді мекендерінде газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр?

3 Желтоқсан 2021, 17:24
1066
Бөлісу:
Қостанай облысының қай елді мекендерінде газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты.

Оның мәлімдеуінше, тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде облыста 6,2 млн м2 тұрғын үй немесе 60 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілген.

Біздің мемлекетіміздің басым міндеті халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету болып қала береді. Бүгінгі күні ауыл халқының 75,0%-ы және қала халқының 98,1%-ы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алады. 2021 жылы ауылдық және қалалық сумен жабдықтау және су бұрудың 47 жобасы іске асырылуда, оларға 15,2 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді. Биыл 104 ауылда тасымал суды тарату пункттері орнатылғанын атап өткен жөн, - деп атап өтті облыс басшысы.

Сондай-ақ, әкімнің сөзінше, 2022 жылы жұмыс жалғасады және Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылдың соңына дейін ауыл халқының 100%-ы сапалы сумен қамтамасыз етіледі.

Өңірді газбен қамту жұмыстары жалғасуда. Осы жылы Қамысты ауданының Қамысты – Алтынсарин және Әулиекөл – Құсмұрын жоғары қысымды газ құбырларының құрылысы жүргізілуде, - деді А.Мұхамбетов.

Өзгелердің жаңалығы