Нұр-Сұлтан BAQ.KZ. «Ashyq» жобасы Қостанай облысының барлық ауданында ағымдағы жылдың 26 сәуірінен бастап жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда Қостанай облысында «Ashyq» жобасына қосылған 481 нысанның 419-ы жоба қатысушылары болса, 62-сі тестілік режимде жұмыс істеп жатыр.
Өңірдегі шектеу талаптарының орындалуын бақылайтын мониторингтік топтар 268 нысанды («Ashyq» жобасына қатысушылар) тексіріспен қамти отырып, 127 рейд өткізді.
Аталмыш топтардың жұмысы барысында карантиндік талаптарды бұзған 4 нысан анықталды, 3 адам («Ashyq» қатысушылары), 1 кәсіпкерлік субъектісі (жеке кәсіпкер) жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 466 720 теңгені құрайды.
26 сәуірден бүгінге дейін Қостанай облысында «Ashyq» жобасының көмегімен «қызыл» мәртебесі бар 8 адам және «сары» мәртебесі бар 6 адам анықталды. 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 131 265 теңгені құрайтын айыппұл салынды.