Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысы Қуаныш Бекбасов «Antikorlive» жобасы аясындағы брифингте айтты.
Оның айтуынша, жемқорлықпен күрес бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.Биыл 6 айда департамент 42 қылмысты ашты. Оның ішінде жемқорлыққа қатысты іс 39-ды құрап отыр. Қылмыстық жауапкершілікке 22 адам тартылды, оның 7-уі жетекшілікте жүргендер. Өткен жылы 5 жетекші жауапкершілікке тартылған еді, – деді Бекбасов.
Ұжымдарға түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. Пандемияның күрделі кезеңінде мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер бірлесіп жұмыс істей алды. Дәрі-дәрмек бағаларына мониторинг жүргізілді. Пандемия кезінде баю ниетімен, өзінің жекке мүддесін бірінші орынға қойғандар да болды. Қазіргі таңда облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты жедел-жәрдем мекемесінің аудандық кіші станциясының фельдшеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деді ол.
Ол жедел-жәрдем қызметкерлерінің үстемақы алуы үшін қызмет бастығына 2 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін пара беруге азғырды деп күдіктелген.