Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Су тасқыны кезеңінің өтуі және қабылданып жатқан шаралар туралы» брифингте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.
Осы жылы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Новопокровка ауылында қардың еруі нәтижесінде екі көше мен 37 ауланы еріген су басып қалды. Қауіптің алдын алу бойынша әскери бөлім мен жергілікті органдардың уақытылы қабылдаған шаралары нәтижесінде елді мекенде су басу қаупі тоқтатылды, - деді ол.
Сонымен қатар 9 сәуірде Түркістан облысының Төле би ауданында «Ащы» су қоймасында шел пайда болған. Бөгеттің көлемі 400 мың3 құрайды.
Дер кезінде қауіптің алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Жалпы халық саны 17 мыңнан астам адам тұратын 4 елді мекендегі қауіп жойылды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары үш жыл бұрын гидротехникалық құрылыста жөндеу жүргізген лауазымды тұлғаларға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп айтты Юрий Ильин брифингте.
ТЖМ басшысы баяндағандай, осы жылдың 11 сәуірінде республикалық маңызы бар «Макинск-Ақсу-Торғай» автожолында еріген судың салдарынан көлемі 4,5-тен 2 метрге дейінгі екі су өткізу құрылғысы (тюбингтер) шайылып, ені 50 метр, тереңдігі 7 метр жол төсемі шайылды.
Қазіргі уақытта жол қызметтері уақытша айналма жол салуда.
Сондай-ақ осы жылғы 12-14 сәуір аралығында су деңгейінің күрт көтерілуіне және Тюнтюгур өзенінің тасуына байланысты Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылының 39 тұрғын үйі мен 65 ауласын су басты. Жергілікті органдармен бірлесіп тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары мен суды сору жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні қауіп сейіліп, тұрғындар үйлеріне оралуда, - деп түсіндірді министр.