Қостанай облысында карантин шаралары күшейтілді

19 Қазан 2020, 11:29
1471
Бөлісу:
Қостанай облысында карантин шаралары күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында шектеулі шаралар енгізіледі. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырында айтты.

Жедел штабымен карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылданды, оның ішінде:

  1. Күнделікті шектеулер:

- қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимін 23 сағатқа дейін қысқарту, залда 30 орыннан аспайтын орын орнату;

- ашық ауада аттракциондардың жұмысын тоқтата тұру;

  1. Демалыс күндеріндегі шектеулер:

 - қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салу;

- ауданы 2000 шаршы метрден астам сауда объектілерінің, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;

- азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұру;

- азық-түлік емес тауарлардың бөлшек сауда объектілерінің жұмыс режимін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу;

- фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;

- қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру;

Бұл шектеулер 20 қазан сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Жылдың басынан бастап COVID-19 3 538 жағдай тіркелген, 3 198 адам емделген немесе 90,4%.

Өзгелердің жаңалығы