Қостанай облысында егін жинау жұмысы аяқталды

26 Қыркүйек 2021, 07:35
968
Бөлісу:
Қостанай облысында егін жинау жұмысы аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл әр гектардан орташа есеппен 7,2 центнерден өнім алынды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Былтыр қостанайлық диқандар 4 миллион тоннадан астам астықты қамбаға құйса, биыл 3 миллион тонна шамасында жинады. Өнімділіктің төмен болуына қуаңшылық әсер етті. Біраз алқап аптап ыстықта күйіп кеткен. Шаруалардың айтуынша, түсім аз болғанмен сапа жоғары. Жиналған бидайдың барлығы үшінші сұрыпқа жатады. Яғни, ұн тартуға жарайды. Мәселен, Ұзынкөл ауданында бидай сапасының көрсеткіші бұрын-соңды мұндай деңгейге жетпеген көрінеді.

Астық сапасы биыл үшінші сұрыптан төмен түскен жоқ. Қамырлылық 26 және одан жоғары болып келеді. Дәннің салмағы да жаман емес. Бір литрге шаққанда 780-790 грамм. Бір сөзбен айтқанда, өткен жылдарға қарағанда бидай сапасы көз қуантады, - дейді Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары Дмитрий Евстафьев.  



Өзгелердің жаңалығы