Қостанай облысында 30355 адам вакцина алды

21 Сәуір 2021, 16:07
1472
Бөлісу:
Қостанай облысында 30355 адам вакцина алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Kostanay Plaza» СОО орналасқан КВИ-ға қарсы жаппай вакцинациялау пунктін қарап шықты. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация пункті осы жылдың 15 сәуірінде ашылды.

Облыс әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Рүстем Айтбаевтың айтуынша, ашылған күннен бастап мұнда 560 адам вакцинацияланды.

Пунктте Қостанай қаласының №3 емханасының қызметкерлері кезекшілік етеді. Олар күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Үлкен кезек жоқ, өйткені бір ауысымда 5 немесе 6 дәрігер шығады. Бір науқасты вакцинациялау үшін 5-7 минут кетеді. Болашақта мұндай пункттер басқа сауда орталықтарында ашылады, - дейді Рүстем Айтбаев.
Қостанай облысында 30355 адам вакцина алды

Облыста барлығы 30355 адам вакцинацияланды. Тек 2021 жылдың 20 сәуірінде облыста COVID-19-ға қарсы 804 адам егілді, оның ішінде 1 компонент - 550, 2 компонент - 254.

Бүгіндері әр емханада егу кабинеттері бар, сондай-ақ, көшпелі бригадалар да жұмыс істейді.

Қостанай облысында 30355 адам вакцина алды

Өзгелердің жаңалығы