Биыл Жетісу облысында 113 шетел азаматы көші-қон заңын бұзған. Сот үкімімен олар мемлекет аумағынан шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Депортацияланғандардың дені құжатқа салғырт қарап, елде жүріп-тұру мерзімін өткізіп алған. Жыл басынан бері Жетісу өңіріне 27 мыңнан астам адам саяхаттап келген. Солардың 10 мыңы уақытша тұруға рұқсат алған.
2023 жылдан уақытша тұру келісім бойынша СКЛ өзгерістер енгізілген. Барлық қызмет ХҚКО арқылы өткізеді. Сол жерге құжаттарын өткізеді. Бізге қанша тіркелді, қанша шықты сол ғана көрінеді, - деді облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Жұлдыз Құсайынова.