Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО көші-қон қызметкерлері “Учаске” ЖПІШ аясында Ақтоғай аумағындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз жел станциясы құрылыс жұмыстарымен айналысқан Тәжікстан Республикасының 29 азаматын анықтады.
Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты осы құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды, ол сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді, – дейді ШҚО ПД Көші–қон қызметі басқармасыбасшысы Ербол Бекпаев.
Жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 300-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.