Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысына келгендердің жалпы саны 67273 адам, кеткендердің жалпы саны 73637 адамды құрады.
Нәтижесінде көші-қонның теріс айырмасы қалыптасты (-6364) адам. 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте республиканың басқа өңірлерінен, алыс және таяу шет елдерінен келгендердің саны, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 6,3%-ға өсті, ал кеткендердің саны – 10,8%-ға азайды.
Сыртқы көші-қон ағымы аясындағы көші-қон алмасуы негізінен ТМД мемлекеттерімен болып отыр. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше 70,1% және 84,8% құрайды, - делінген хабарламада.
Өңіраралық көші-қон ағымы аясында елдің басқа өңірлерінен келгендердің саны 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,8%-ға өсті, ал кеткендердің саны 11,6%-ға азайды.
Облыс ішіндегі көші-қон 2021 жылғы қаңтар- қыркүйекте 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,1%-ға азайды.