Көшербаев жайлы не білеміз?

14 Ақпан 2025, 16:56
1210
Бөлісу:
Көшербаев жайлы не білеміз?
VIDEO
Фото: primeminister.kz

Ермек Көшербаев бүгін Үкімет мүшесі атанды. Ол шығыс әкімі лауазымынан босатылып, Премьер-министрдің орынбасары болды. BAQ.KZ тілшісі назарларыңызға Үкіметтің жаңа мүшесі жайлы қысқаша ақпарат ұсынады.

Ермек Беделбайұлы Көшербаев — Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, дипломат. 2023 жылдың 16 маусымынан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып келеді. 

Өмірбаяны:
Туған жылы: 2 мамыр 1965 жыл
Туған жері: Алматы қаласы

Білімі:
1988 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) “тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі” мамандығы бойынша тәмамдады.
1993 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын “халықаралық қатынастар және сыртқы саясат” мамандығы бойынша бітірді.

Мұғалімнен премьер-министрдің орынбасарына дейін...

БАҚ беттеріндегі ақпараттарда Ермек Көшербаев қызметін мұғалім болып бастағаны жазылған.

Еңбек жолы:
1988-1991 жылдары Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде әртүрлі қызметтер атқарды, оның ішінде министрдің көмекшісі және бөлімнің бірінші хатшысы болды.
1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасында қызмет етті.
1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Халықаралық бөлімінде консультант, кейіннен Протокол қызметінің басшысы міндетін атқарушы болды.
1996-1997 жылдары Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болды.
2000-2001 жылдары “ҚазТрансОйл” Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясында баспасөз қызметінің басшысы және президент аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.
2001-2003 жылдары “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясында аппарат басшысы және президент аппаратының басшысы болды.
2009-2010 жылдары “Ертіс” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2010-2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.
2016-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болды.
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
2020-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. 

Отбасы:
Жұбайы: Динара Маркенқызы Чайжунусова
Балалары: бір ұл және бір қыз.

Марапаттары:
“Құрмет” ордені (2018 ж.) 

Кішкентай баланың өтінішін орындады

Жақында әлеуметтік желілерде Ермек Көшербаевтың домбыра тартқан видеосы тарады.

Бұл бейнежазбада Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев шалғай ауылдағы оқушының өтінішін орындап, домбыра тартып береді.

Көшербаев шығыстың лас ауасымен қалай күресті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңірдегі экологиялық жағдайға қатысты бірнеше рет пікір білдірген. Өскемен қаласының ауасының ластануына байланысты ол ауаның сапасын жақсарту үшін бірқатар шараларды ұсынды. Мәселен, 2024 жылдың қараша айында ол қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде кәсіпорындардың зиянды шығарындыларын азайту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, қаладағы 20 мыңға жуық жеке үйлерде қандай отын түрі пайдаланылатынын анықтау маңызды екенін айтты. Әкімнің айтуынша, Өскеменнің географиялық орналасуы мен климаттық ерекшеліктері де ауаның ластануына әсер етеді. Қала ойпатта орналасқандықтан, желсіз күндері түтін мен бу жиналып, тұман қалыптасады. Бұл мәселені шешу үшін қоғамдық кеңес құрып, экологиялық бақылауды күшейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 2024 жылдың желтоқсан айында Ермек Көшербаев Өскемендегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жаңа бақылау бекеттерін орнату және қоғамдық экологиялық бюро құру туралы бастамаларды талқылады.

Жаңа қызмет

Бүгін Президенттің Жарлығымен Ермек Көшербаев әкім қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды. Ол премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың орнына Үкіметке барды

Өзгелердің жаңалығы