Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл. Дәл сол секілді Тәуелсіз елге ағылған көштің басталғанына да 30 жыл болды.
30 жылдан бері қазақ көшін алға сүйреп, шеттен келген қандастың хал-күйін біліп, қамын жеп жүрген бір жан болса, ол – Марат Тоқсанбаев.
Сонау 1991 жылы алғаш рет құрылған Көші-қон басқармасынан бастап, күні бүгінге дейін осы салада қызмет етіп келе жатқан «көш ардагерін» сөзге тартып, 30 жылдағы көші-қон саласының жетістіктері, әттеген-айлары мен қызықты сәттері жайлы сұқбат құрған едік.
Шеттен келген қандастардың өмірі қызыққа да, қуанышқа да, қиыншылыққа да толы болды. Осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын Моңғолиядан «еңбек шартымен» елге келуді бастаған ағайын Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар» қорының қолдауымен әлі де толастаған жоқ - дейді Марат Тоқсанбаев.
Марат ағамызбен болған сұқбатымызды төмендегі видеодан толығырақ тамашалауларыңызға болады.