Көршісінің құрылыс заттарын ұрлап кеткен шымкенттік ұсталды

2 Шілде 2021, 22:17
2491
Бөлісу:
Көршісінің құрылыс заттарын ұрлап кеткен шымкенттік ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көршісінің құрылыс заттарын ұрлап кеткен шымкенттік ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz. 

1 шілдеде Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу үйінен құны 350 000 теңге тұратын құрылыс заттарын ұрлап кеткенін көрсеткен. 

Тәртіп сақшылары жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған мекен жайға тез арада жетеді. Көрген білгендерден сұрастырып, көршілерімен сауалнамалар жүргізеді. Нәтижесінде полицейлер жеделділіктерін танытып, ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсіреді. Ол жәбірленушінің көршісі болып шығады. Қаратау АПБ КПБ-нің қызметкерлерімен Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. 

Тексеру амалдары жүргізілуде.



Өзгелердің жаңалығы