Короновирустың таралмауы бойынша тапсырмалар берілді
Короновирустың таралмауы бойынша тапсырмалар берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қала әкімінің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның ықтимал толқынына дайындық бойынша штаб отырысы өтті. Онда ковидке қарсы дайындық жұмыстары пысықталды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қала әкімінің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның ықтимал толқынына дайындық бойынша штаб отырысы өтті. Онда ковидке қарсы дайындық жұмыстары пысықталды.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
М.Әйтенов қаладағы эпидахуалды қатаң бақылауға алудың және карантинге қайта кірмес үшін азаматтардың жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті. Коронавирустың ықтимал толқынының алдын алу мақсатында қала тұрғындары арасында ревакцинациялау және қоғамдық орындарда сақтық шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын көптеп жүргізуді, мобильді топтардың жұмысын жүйелеп, олардың санын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкентте жалпы жыл басынан бері инфекциямен ауырғандар саны – 7474, 6912 – жазылған, 67 адам қайтыс болған. Соңғы 1 айда КВИ-дің 572 жағдайы, соңғы тәулікте 103 тіркелді. Олардың 13 пайызы жазылып шықты. 32 адам стационарда, 463-і үйінде ем қабылдауда. Науқастарды 100 орындық қалалық инфекциялық аурухана қабылдап жатыр, дәрі-дәрмек қоры мен вакцина жеткілікті. Коронавируспен күрес жөніндегі іс-шаралар кешеніне сәйкес мединицалық құрал-жабдықтар, дәрігерлер мен қосымша ПТР орталықтары дайындалуда. 74 мобильді топ жұмыс істеуде, 137-сі резервте.