Алматы, BAQ.KZ. 15 сәуірдегі жағдай бойынша әлемде 2 000 794 адам қауіпті індетті жұқтырғаны анықталып отыр. 130 483 адам көз жұмған. Сауыққандар қатары 481 768 жетті.
АҚШ-та соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы салдарынан 2228 адам көз жұмды. Бұған дейін төрт күн қатарынан бұл елде COVID-19-дан қайтыс болғандардың азайғаны байқалған еді. Сонымен, бір күн бұрын көз жұмғандар саны 1509-ды құрады.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, АҚШ-та 612 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған, қайтыс болғандар саны 26 мыңға жуық.
Ал, Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 162 488 жетіп, 21 067 адам мерт болды. Жазылғандар саны 37130 адам. Соңғы тәулікте 2 972 адамнан COVID-19 вирусы анықталса, 602 адам көз жұмған.
Қытайда соңғы тәулікте 46 адамнан коронавирус анықталған. Қауіпті індетті жұқтырған 36 адам шетелден келсе, 10 жағдай елдің Хэйлунцзян және Гуандун провинцияларында тіркелген.
Жалпы инфекция жұқтырғандар саны 82 295, өлгендер 3 342 адам.
Францияда соңғы тәулікте қауіпті індеттен 762 адам мерт болған, жалпы өлгендер саны 15729. Жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 103 573 адам. 28 805 адам жазылып шыққан.
Қазақстанда инфекция жұқтырғандар саны - 1267 адам, жазылғандар – 203, өлгендер саны – 14.