Коронавирус: Алматыдағы қазіргі жағдай

20 Сәуір 2020, 09:45
1308
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыдағы қазіргі жағдай

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 20 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 524 жағдайы тіркелді. Қалада жаңадан тағы 11 жағдай тіркелді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарма таратқан мәліметте жаңадан тіркелген науқастардың барлығы провизорлық госпитальдарда карантиндегі адамдармен байланыста болғандар.

Сондай-ақ, кеше Соvid-19 диагнозымен екі адам қайтыс болды. Дүниеден өткен бұл екі адамның да денсаулығы аса ауыр халде болған.
Оның біреуі 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті панкреатиті, қаны  аз, артериалдық гипертония сияқты қосымша аурулары болған. Жүрегі тоқтап көз жұмды. Екіншісі 1931 жылы туған әйел, онда жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жай-күйде болған, - делінген хабарламада.

Жалпы жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысынан науқас әйелді есепке ала отырып, 436 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр екен.
Екі пациенттің жай-күйі – өте ауыр, 6-да ауыр, 138 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалған адамдардың жай-күйі – қанағаттанарлық. 84 пациент коронавирустық инфекциядан сауығып, емдеуден шығарылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, провизорлық госпитальдарда 294 адам, карантиндік оқшаулауда 520, үй карантинінде 9764 адам бар екен.
Өзгелердің жаңалығы