Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың өршуі салдарынан мамыр айы басталғалы Бейжің метрополитеніндегі 100-ден аса станция жабылды. Бұл туралы қалалық метро әкімшілігі мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
17 мамырдағы мәліметтер бойынша өз жұмысын тоқтатқан Бейжің метрополитеніндегі станциялар саны 101-ге жетті. Жалпы саны 19 метро желісін қамтиды, - делінген хабарламада.
4-12 мамыр аралығында Бейжің метрополитенінің әкімшілігі індеттің алдын алу және бақылау мақсатында 90-нан астам станцияны жапты. 4 мамырда жаппай жабылды, ол кезде 60-тан астам метро станциясы жабылған болатын.
Сонымен қатар, Қытай астанасының тұрғындарын коронавирусқа скринингтеу және тестілеу жалғасуда. Дүйсенбіден бастап Бейжіңнің 12 ауданында COVID-19-ға жаппай тестілеудің кезекті кезеңі басталды. 22 сәуірден бастап Чаоян іскерлік ауданы ғана коронавирусқа жаппай тестілеудің 10-нан астам кезеңін өткізді.
Сонымен қатар, Бейжің билігі 17-24 мамыр аралығында Қытай астанасының оңтүстік-батысындағы Фэнтай ауданында карантин талаптарын күшейтті, онда 2 миллионнан астам адам тұрады. Фэнтай ауданының бірқатар жабық аймақтарында тұрғындарға үйлерінен шығуға кетуге тыйым салынады. Оларға ПТР-тест тапсыруға, қоқыс тастауға және сәлемдемелер алуға шығуға рұқсат етіледі.
Көшеге шыққан кезде жергілікті тұрғындар N95/KN95 маскаларын тағуы керек.
Ресми мәліметтерге сәйкес, 22 сәуірден бастап Қытай астанасында COVID-19 жұқтырудың 1169 жағдайы тіркелген.