АҚШ ғалымдары коронавирустың күшін жоятын ақуызды анықтады

15 Қыркүйек 2020, 23:03
1894
Бөлісу:
АҚШ ғалымдары коронавирустың күшін жоятын ақуызды анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Питтсбург университетінің (АҚШ) ғалымдары коронавирустың күшін жоятын ақуызды анықтады. Ол коронавирустың S-ақуызымен (protein S) әсерлесіп, ішке еніп, оны жоя алады.

Cell ғылыми журналында дүйсенбі күні жарияланған зерттеудегі мәліметке сәйкес, мәселе covid-ке қарсы Ab8 дәрісін шығаруда пайдаланылатын антиденеден он есе кіші ақуыз қосындысы жайлы болып отыр.

Бұл дәрі-дәрмек коронавирус ауруына шалдыққан тышқандар мен алақоржындарды емдеуде және вирустан қорғауда тиімділігін дәлелдеген. Мамандар табылған зат молекулаларының адам жасушаларына қатысы жоқ болғандықтан оның жанама әсерін азайтуға болады деп отыр.

Ab8 дәрісі covid-тен емдеп қана қоймай, коронавирус жұғудан қорғайтын амал ретінде қарастырылып отыр - деді зерттеу авторларының бірі Джон Меллорс.
Өзгелердің жаңалығы