Коронавирустың шарықтау шегі әлі алда – министр

23 Наурыз 2020, 17:20
5956
Бөлісу:
Коронавирустың шарықтау шегі әлі алда – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы айтты.

"Хабар 24" телеарнасында сөйлеген сөзінде Дәурен Абаев елдегі төтенше жағдайдың ұзартылу ықтималдығы туралы сұраққа жауап берді.

Дәл қазір біз бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймыз. Дәрігерлердің нұсқауын неғұрлым нақты және дәл орындасақ, мұның бәрі тезірек аяқталады, - деді министр.

Ол бір ай ішінде вирус жұқтырғандардың саны азаяды деп болжады.

Біз жаңа жағдайларды тіркеудің әлі де шарықтау шегі болады деп күтеміз. Содан кейін жаңа инфекциялар саны азаяды. Бір айдың ішінде жағдай реттеледі, - деді ол.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде 62 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 32 адам, Алматы қаласында – 26 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 62 науқас бар.

Өзгелердің жаңалығы