Коронавирустан туындайтын асқынудың басты белгісі анықталды

17 Шілде 2020, 05:34
8120
Бөлісу:
Коронавирустан туындайтын асқынудың басты белгісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Француз ғалымдары COVID-19 вирусынан туындайтын асқыну қаупі жоғары пациенттердің басты ерекшелігін атады. Бұл жайлы "Science" журналында жарияланған мақалада айтылады.

Зерттеушілер коронавирус жұқтырған 50 науқасты зерттеді. Олардың арасында аздаған жөтелден ауыр тыныс алу жеткіліксіздігіне дейінгі (дәрігерлер пациентті ӨЖЖ аппаратына қосуға мәжбүр болатын) түрлі симптомдағы науқастар бар.

Қан, тіндерді, иммундық жасушаларды және басқа да биоматериалдарды талдай келе, ғалымдар асқыну белгілері бар адамдарға тән ортақ ұқсастық – интерферонның тапшылығы және күшейтілген қабыну деген қорытындыға келді.
Мәселен, ауыр науқастарда иммундық жүйе вирустармен күресу үшін қолданатын I типті интерферондардың жетіспеушілігі байқалды. Ал интерферондарды өндіру коронавирусты инфекцияның дамуын баяулататыны белгілі.

Жұмыс нәтижелері көрсеткендей, интерферон – пациенттің симптомдары мен сауығуына әсер ететін негізгі фактор. Оған қоса, COVID-19 вирусынан табысты емдеудің бірден-бір жолы.

Өзгелердің жаңалығы