Коронавирустан төрт науқас қайтыс болды

6 Қаңтар 2021, 09:07
1641
Бөлісу:
Коронавирустан төрт науқас қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2021 жылғы 6 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония мен коронавирус туралы ақпарат жарияланды.

4 қаңтарда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 29 жағдайы тіркелді. 100 науқас емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46020, 513 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33398-ге жетті, - делінген хабарламада.
Коронавирустан төрт науқас қайтыс болды

Бұдан бөлек, 6 қаңтардағы мәлімет бойынша 22 791 адам коронавирус инфекциясынан (10 722 КВИ+ және 12 109 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 212 пациент стационарда, 17 579 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 4 науқас коронавирустан қайтыс болды.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 299 адамның жағдайы ауыр;

• 45 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өзгелердің жаңалығы