Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда коронавирустан ем қабылдаған тағы екі науқас емделіп шықты.
Науқастың бірі, әйел адам, Франкфурт –Нұр-сұлтан – Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Ал екіншісі Мәскеу – Алматы рейсімен келген екен. Індет жұқтырғандар тиісті ем-дом шараларын алды.Бұдан былай екі науқас та медицина қызметкерлерінің бақылауында 14 күндік үй карантинінде болады.