Коронавирустан сауығып шыққаннан кейін иммунитеттің нығаятыны расталды

19 Қаңтар 2021, 19:00
1300
Бөлісу:
Коронавирустан сауығып шыққаннан кейін иммунитеттің нығаятыны расталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ пен Швейцария ғалымдары COVID-19-бен ауырған адамдардың ағзасы вирусты есте сақтай алатын жасушалардың арқасында қайта жұқтыруға қарсы тұра алатындығын растады. 

Бұл туралы Nature журналында жарияланған мақалада жазылған.

Зерттеушілер инфекция жұқтырғаннан кейінгі 1,3 және 6,2 айдан соң емделіп шыққан 87 адамды тексерді. Негізі SARS-CoV-2 антиденелері уақыт өте келе жойылып кетуі мүмкін. Бірақ зерттеушілер вирусты танитын B-жасушаларының белгілі бір деңгейіне ие екенін анықтады. Бұл жасушалар вирус ағзаға қайта енген жағдайда коронавирусқа қарсы антиденелер шығаруды қайта бастайды. 

Сонымен қатар антиденелер SARS-CoV-2 мутациясына төзімді. Бұл гуморальды реакцияның эволюциясын және қоздырғыштың мутацияланған формаларына қарсы иммундық реакцияның сақталуын көрсетеді.

Алдыңғы зерттеулердің нәтижесі коронавирустық S-ақуызына бағытталған IgM және IgG антиденелерін бейтараптандыратын титрлер COVID-19-дан кейін тез төмендейтінін көрсетті. Бұл ғалымдар мен мамандардың пандемиямен күресте вакциналар тиімсіз болады деп алаңдаушлық танытуына себеп болды. 

Алайда қазір ұзақ мерзімді иммунитетті иммундық жүйенің басқа компоненттері қолдайтындығы туралы мәлімет көп.

Бұған дейін австралиялық ғалымдар COVID-19 жұқтырған адамдарда иммунитеттің ұзақтығын анықтаған еді. Ол кемінде сегіз айды құрайды. Бұл SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакциналар инъекциядан кейін ұзақ уақыт тиімді болатындығын дәлелдейді.

Өзгелердің жаңалығы