Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 23 ақпандағы ақпаратты жариялады.
23 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 780 адам коронавирус инфекциясынан (13 369 КВИ+ және 7 411 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 638 пациент стационарда, 16 097 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 245 адамның жағдайы ауыр;
• 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 48 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.