Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіні 14.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 998 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 041 бала бар. Стационарларда 4 139 науқас жатыр. 21 828 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 240 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.