Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 489 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Олардың арасында 333 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 420 науқас жатыр. 2 069 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 150 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.