Коронавирустан 11 науқас көз жұмды

4 Сәуір 2021, 09:10
1383
Бөлісу:
Коронавирустан 11 науқас көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 4 сәуірдегі ақпаратты жариялады.

4 сәуірдегі мәлімет бойынша, 27 516 адам коронавирус инфекциясынан (26 180 КВИ+ және 1 336 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 996 пациент стационарда, 17 520 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 398 адамның жағдайы ауыр;
• 103 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 64 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Коронавирустан 11 науқас көз жұмды

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке келер болсақ, 2021 жылғы 2 сәуірдегі мәлімет бойынша 50 жаңа жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған, 169 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 50 815, өлім жағдайлары - 700, барлығы 48 779 адам сауығып шықты.


Өзгелердің жаңалығы