Коронавируспен күресуге 192 млрд теңге бөлінді

8 Шілде 2020, 17:10
2029
Бөлісу:
Коронавируспен күресуге 192 млрд теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте коронавирустық инфекциямен күрес үшін мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат жеткілікті екенін айтты.

 Жеткілікті қаражат бөлінді. Қажет болған жағдайда барлық қаражат беріледі, - деді Берік Шолпанқұлов.

Сондай-ақ, вице-министрден төтенше жағдай кезінде мерекелік шараларға, конференцияларға және дөңгелек үстелдерге мемлекеттік бюджеттен қанша қаражат бөлінгені сұралды.

 Төтенше жағдай кезінде салтанатты шараларды өткізуге бюджеттік қаражат жұмсалмады, - деп жауап берді Берік Шолпанқұлов.

Ол жалпы коронавируспен күресу үшін 191,9 млрд теңге бөлінді деп отыр.

Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 125 млрд теңге, ал үкіметтік резервтен 66,9 млрд теңге бөлінді, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы