Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-бен байланысты жүрек аурулары егде жастағы адамдарда ғана емес, тіпті жастар арасында да кездеседі.
Аурудың дамуының бастапқы кезеңінің өзінде қан айналымың бұзылыуы және жүрек бұлшықетінің қабынуы мүмкін.
Бұл туралы Калифорния университетінің кардиологы, медицина ғылымдарының докторы Ниша Парих хабарлады.
COVID-19-дан жазылғаннан кейін де жүрек ауруының қалуы мүмкін. Бұл кеуде тұсының ауырсыну, жүрек соғысының жиілігі, естен тану немесе бас айналу болуы мүмкін. Коронавируспен ауырғандарда кейде жүрек бұлшықетінің қабынуы кездеседі.
Сонымен қатар, дәрігер COVID-19-дың эндотелийді – қан тамырларының шырышты қабығын зақымдауы мүмкін екенін ескертеді. Бұл тромб түзілуі қаупін арттырады.