Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, 29 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берк Уәли хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Кеңесте Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды. Сондай-ақ экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланып отыр. Кеңеске Үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары, облыс әкімдері қатысады - делінген хабарламада.