Коронавируспен күрес: Шығысқазақстандық кәсіпкер 200 млн теңге аударды

30 Наурыз 2020, 23:44
1887
Бөлісу:
Коронавируспен күрес: Шығысқазақстандық кәсіпкер 200 млн теңге аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-дағы "Aitas KZ" акционерлік қоғамы COVID-19 инфекциясымен күреске қаржы аударды.

Кәсіпорынның бас директоры Серік Толықпаевтың айтуынша, алдағы уақытта бірнеше шаруа қолға алынады.

Олардың қатарында ҚР денсаулық сақтау саласына қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмек алуға 200 миллион теңге бөлу, "Кус&Вкус" брендінің өнімдерін қымбаттатпау, халыққа үздіксіз жеткізіп тұруға 1000 тонна тауық етін беру, карантин енгізілген және "Aitas KZ" өнімдері саудаланатын аумақтарда волонтерлік штаб құру, компанияның өндірістік холдингті басқаруды ұйымдастыру бойынша құжаттары төтенше жағдай кезінде aitas.kz сайтында қолжетімді етіп, ашық жариялау секілді жұмыстар бар

Мұндай қысылтаяң шақта кәсіпорындар әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі керек. Мемлекетке қал-қадарынша көмек беруге тиіс. Біз біріксек, алынбайтын қамал жоқ, - деді Серік Толықпаев.

Өзгелердің жаңалығы