Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
Біріншіден, қаулының жаңа тетіктері: коронавирус РНҚ анықтау үшін диагностикалық зерттеуді жүзеге асыратын ұйымдар қамтамасыз етсін. Бұл бойынша түсініктеме берсем, қазір тұрғындар қалада ашылған бірқатар нүктеде сынама тапсырады. Сол жерде енді диагностика жасау үшін қолхат беріледі. Олар осыған міндеттеледі. Сондай-ақ, олар қолхатты бере отырып, коронавирус індеті расталған адамдар туралы зертханалық растауды алған сәттен бастап 12 сағат ішінде хабарлайды, - деді ол.
Бекшин айтып өткендей, сынаманың нәтижесі оң болса, олар есепке алынады.
Оларға жүктелген міндетке өздері жауапкершілік алады. Екіншіден, қоғамдық денсаулық басқармасына бірқатар тапсырма бердік. Карантин мекемелері персоналын жеке қорғаныш құралдарымен қажетті деңгейде қамтамасыз ету керек. Коронавирус расталған адамдарға онлайн кеңес береді. Індет расталған адамдар амбулаториялық жағдайда және 14 күн бойы үй карантин режимінде бақылау керек. Үй карантині режимінде емделіп жатқан адамдарға күнделікті қоңырау шалу қажет. 14 күн ішінде клиникалық симптомдар анықталмаса, карантин аяқталады. Үй карантині дерегі анықталған кезде тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармалары мен аудандық полицияға хабардар ете отырып, карантин стационарына жатқызуға жолдама беріледі, - деді ол.
Бекшин үй карантинінде емделіп жатқан адамды тұрғын үйден шығу тетігін айқындау керек екенін айтты.
Медицина қызметкерлерінің құпиясын құрайтын мәліметтерді қорғау қамтамасыз етіледі. Тұрғылықты жері бойынша үй карантинін сақтауға жағдай болмаса, коронавирус расталған адамдарды отбасы мүшелерінің қайта жұқтыру қаупін болдырмау үшін жедел медициналық жәрдем станциясының оларды шақыру арқылы карантин стационарына ерікті түрде емдеуге жатқызуға жібереді, - деді ол.Бұған дейін ол карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша енгізілген шектеу шаралары жөнінде түсіндіріп өткен болатын.