КВИ жұқтырған 4 пациенттің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 21 наурыздағы ақпарат 21 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 765 адам коронавирус инфекциясынан (–1 595+ және 170 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 625 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 66 науқас КВИ+, 4 науқас КВИ- жұқтырғаны анықталды.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.