Коронавирус: Жазылғандар саны 400-ге жетті

19 Сәуір 2020, 16:00
1429
Бөлісу:
Коронавирус: Жазылғандар саны 400-ге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 400 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 5, Ақтөбе облысында 2, Түркістан облысындв 4 науқас сауығып, ауруханадан шықты.

Бүгін сағат 15:30 дейін елімізде жалпы 400 адам үйлеріне шықты, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 177, Алматы қаласында – 84, СҚО – 18, Ақтөбе облысы – 7, Жамбыл облысында -6, Павлодар облысында- 1, Алматы облысында - 8, Қарағанды облысында - 12, Шымкент қаласында – 11, Атырау облысында - 21, Батыс - Қазақстан облысында -2, Маңғыстау облысында -1, Ақмола облысында – 17, Қызылорда облысында – 24, Түркістан облысында - 11 адам, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы