Коронавирус: Жаңа тестілеуден кімдер өтуі керек

8 Сәуір 2020, 20:07
1009
Бөлісу:
Коронавирус: Жаңа тестілеуден кімдер өтуі керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің инстаграм желісіндегі ресми парақшасында өткен тікелей эфир барысында Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев экспресс-тесттерге қатысты пікір білдірді.

Оның аутынша денсаулығы мықты адамға ПТР-тесттен өтудің қажеті жоқ екенін айтады. 
Біріншіден, денсаулығы мықты, COVID-19 індетімен ауырған адаммен байланыста болмаған азаматтардың ПТР-тесттен өтуіне еш қажеттілік жоқ. Әлем елдері де бұл тесттен халықты тұтас өткізіп жатқан жоқ. Сол сияқты біз де мұндай тестілеуден өтуі керек азаматтар тобын белгіледік. Олардың қатарында, коронавирус инфекциясы дендеп бара жатқан шет мемлекеттерден келген азаматтар, коронавируспен ауырған науқастармен тікелей байланыста болған азаматтар бар, - дейді ол.
Ол сонымен қатар, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында экспресс-тестілеуден өтуге арналған пункттер ашылатынын жеткізді.
Бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық орталықтарымыз жүйелі жұмыс істеп жатыр. Вирус жұқтырғандармен байланыста болғандарды анықтау, вирус анықталған нүктеге бару, материал жинау сияқты т.б. бағыттағы жұмыстарды біздің орталықтар толығымен қамтуда. Оның үстіне көмек қолын созып жатқан меценаттарымыз бар. Олар алдағы уақытта ірі қалаларда, нақтырақ айтқанда Нұр-Сұлтан және Алматыда экспресс-тестілеуден өтуге арналған мобильді пункттер ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда елімізге 250 мыңдай ПТР-тест әкелінді. Сондықтан, бұл мәселеде еш кедергі болмайды деп ойлаймын. Экспресс-тесттерге келер болсақ, жақын күндері "Сәби" қоры ірі көлемде тест жібермекші. Бұл тест те жеткілікті, - деді орталық басшысы.

Өзгелердің жаңалығы