Коронавирус: Қызылордадағы эпидемиологиялық ахуал

15 Сәуір 2020, 20:07
1726
Бөлісу:
Коронавирус: Қызылордадағы эпидемиологиялық ахуал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында індет жұқтырған  адам саны 127-ге жетті.

Оның ішінде, Қызылорда қаласында -14, Жаңақорғанда -19, Аралда - 4, Сырдарияда - 25, Қармақшыда - 4, Қазалыда - 2 , Шиеліде - 59 дерек.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді. 
Қазіргі таңда науқастармен қатынаста болған 1504 тұлға анықталды. Оның  491-і стационарлық, 1013-і  үй жағдайында бақылауда. Сондай-ақ, өңірде 46 тосқауыл бекеті қойылып, адамдардың жүрісіне барынша шектеу жасалуда,- деді Наурызбай Сейтқалиұлы.
Сонымен қатар,  Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімімен  5 млн 131 мың шаршы метр аумақ  дизенфекцияланды. 

Айта кетейік, індетпен күресуге 1700-ге жуық медицина, 450 полиция, 350 әскери қызметкер жұмылдырылды. 
Облыстың медицина саласының қызметкерлерін ынталандыруға наурыз айында  63,0 млн теңге төленді. Сонымен бірге, "KazRetrolGroup" ЖШС мұнай компаниясы медицина ұйымдарының 120 қызметкеріне 100 мың теңгеден, барлығы 12 млн теңгеден көмек көрсетті, - деді Наурызбай Сейтқалиұлы.
Өзгелердің жаңалығы