Коронавирус. Қытайдың Баодин қаласына әскери жағдай енгізілді

15 Маусым 2020, 13:33
1478
Бөлісу:
Коронавирус. Қытайдың Баодин қаласына әскери жағдай енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы 15 маусым күні NBD Қытай телеарнасы хабарлады.

Бейжің көтерме сауда базарындағы коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Баодин қаласына әскери жағдай енгізілді. Бұл туралы 15 маусым күні NBD Қытай телеарнасы хабарлады.

Мұндай шешім Баодиннің Пекинге жақын орналасуы және қалалар арасындағы қарқынды жүк және жолаушылар қатынасына байланысты қабылданып отыр.

Баодинде 11,5 миллионнан астам адам тұрады. Қала Пекиннен 140 шақырым қашықтықта орналасқан. Бейжіңдегі көтерме сауда нарығы ондағы екі қызметкерден коронавирус табылған соң жабылды.

Өзгелердің жаңалығы