Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3,5 мыңға жуық турист коронавирусқа байланысты Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтеріне турдан бас тартты.
Бұл туралы экскурсиялық бюро басшысы Винченцо Пулиезе мәлімдеді.
Сейсенбі кешке штаб-пәтерге турлар тоқтатылды, деп жазады РИА Новости.
Пулиезенің айтуынша, турлар 31 наурызға дейін болмайды.
Әзірге БҰҰ штаб-пәтеріне турлардан бас тартқандар адамдар саны 3500-ге жуық болды, - деді экскурсиялық бюро басшысы.
Сондай-ақ, енді тек БҰҰ территориясына рұқсат қағазы барлар ғана штаб-пәтерге кіре алады.