Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан ауыл тұрғыны ұсталды

26 Наурыз 2020, 13:37
1620
Бөлісу:
Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан ауыл тұрғыны ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының полицейлері Бадамша ауылының тұрғынын коронавирус туралы жалған ақпарат таратқаны үшін ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратқан 34 жасар азаматты ұстады. Ер адам таңертең оның үйінің ауласында қорғаныш киімдері мен бетперде киген адамдар балалар алаңында дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жатқанын көрген. Оны бейнежазбаға түсіріп, туысқандарының арасында Бадамша ауылында коронавирусты инфекциямен ауыратын науқасты анықтады деп түсініктеме берген. Ауыл тұрығын өз сөзін мойындады.
Осы факті бойынша оны әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр. Ақтөбе облысының полиция департаменті облыс тұрғындарын жалған ақпарат тарату фактілерін анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жасалынып, арандатушылық мәліметтерді анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізілетіндігін ескертеді, - делінген ақпаратта. 

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 57-бабына сәйкес (табиғи апат немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылық) жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар болып табылады.


Өзгелердің жаңалығы