Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие беруді тапсырды. Бұл туралы президент Twitter-дегі парақшасында жазды.
Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 млрд тг сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырамын, - деп жазды Тоқаев.Сондай-ақ мемлекет басшысы Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті екенін айтты.
"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді, - деп жазды президент Twitter-ге.