Коронавирус: Тест астаналықтарға толық жетеді

17 Наурыз 2020, 15:34
1325
Бөлісу:
Коронавирус: Тест астаналықтарға толық жетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Тест барлығына жетеді. Биоматериалды жинау орнын ашу биологиялық қауіпсіздікті ескеру керек. Оны қабылдау, тасымалдау жолдарында қауіпсіздік шараларын сақтау өте маңызды. Коронавирус инфекциясына анализдерді қабылдау критерийлерін сақтай керек. Сондықтан қазір анализдерді қабылдау бойынша қосымша орындар ашу мәселесі талқыланып жатыр, - деді басқарма басшысы ОКҚ брифинг барысында. 

Оның сөзінше, бүгінге дейін тіркелген азаматтардың арасында 18 жасқа дейінгі балалар не жасөспірімдер жоқ. 

Барлығы – кәмелет жасына толған азаматтар... Барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Жағдайы нашарлаған жоқ. Клиникалық ауыртпалықтар жоқ, - деді Сәуле Қисықова.
Еске сала кетейік, медицина қызметкерлері арнайы киімдермен қамтылып, оларда респираторлар, маскалар және залалсыздандыру құралдары да жеткіліктіекені туралы осыған дейін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында бүгін тіркелген 14 адамның жағдайы туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтып берді.

Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтанда тіркелген 14 тұлғаның 5-еуі басқа қаланың тұрғындары екенін мәлімдеді.
Өзгелердің жаңалығы