Коронавирус: Түркістан облысындағы науқастар жағдайы қанағаттанарлық

14 Сәуір 2020, 13:27
1366
Бөлісу:
Коронавирус: Түркістан облысындағы науқастар жағдайы қанағаттанарлық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 47-ге жетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар штабы.

Жетісай ауданы, Ш.Ділдабеков ауылдық округінің 1970 ж. тұрғыны және Ш. Ділдабеков ауылдық округі, Достық ауылының 1971 ж. тұрғыны, осы ауданның Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді ауылының 1994 ж. тұрғынында коронавирус инфекциясы расталды. Аталған азаматтың үшеуі де COVID-19 вирусы анықталған науқаспен жақын байланыста болған, - делінген ақпаратта. 

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 18 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған). Сондай-ақ,  Кентауда - 5, Ордабасы  - 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1 тұрғыны індетке шалдыққан.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. 
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Өзгелердің жаңалығы