Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметінде судьялардың коронавирус індетін жұқтырғандығы жөнінде ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласы сотының қызметкерлері коронавирус жұқтырғандығы туралы ақпарат тараған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтындығын хабарлаймыз, - деді ведомствода.
Сот отырыстары тек қашықтықтан жүргізіледі (бейнеконференцбайланыс, мобильді бейнеконференцбайланыс). Елордалық барлық соттарда азаматтарды жеке қабылдау төтенше жағдай аяқталғанға дейін тоқтатылады.