Елімізде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, өткен тәулікте індет жұқтырудың 27 жағдайы тіркелген. Бұл алдыңғы күнгі тәуліктік көрсеткіштен 3 есеге төмен.
5 ақпанда 1 571 адам (–1 418+ және 153 КВИ-) СOVID-19-дан емделіп жатыр. Оның ішінде, 121 пациент – стационарда, 1450 адам – амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• ӨЖЖ аппаратымен тыныстап жатқан науқас жоқ.