Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның Сидней тұрғындарына коронавирустың таралуына байланысты қаладан арнайы рұқсатсыз шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды 9News.
Жаңа Оңтүстік Уэльс үкіметі Австралияның ең үлкен қаласына қатысты жаңа ережелерді жұмада мақұлдады. 9News хабарлағандай, билік Сидней азаматтарының саяжайға баруын тоқтатуға тырысуда.
Сидней маңындағы 12 қала тұрғындарына да шектеулер күшейтілді. Атап айтқанда, ерлі-зайыптылар үшін тіркеу қажет және олар бір-бірінен бес шақырымнан аспайтын жерде тұрса ғана кездесе алады.
Сидней маңындағы 12 қала тұрғындарына да шектеулер күшейтілді. Атап айтқанда, ерлі-зайыптылар үшін тіркеу қажет және олар бір-бірінен бес шақырымнан аспайтын жерде тұрса ғана кездесе алады.
Жаңа Оңтүстік Уэльсте маусымның аяғынан бері локдаунның жалғасуына қарамастан, COVID-19 жағдайлары өсуде. Өткен тәулікте штатта пандемия басталғаннан бері рекордтық 390 жаңа жағдай анықталды.