Коронавирус: Шымкентте тағы 4 науқас сауығып шықты

20 Сәуір 2020, 21:14
1158
Бөлісу:
Коронавирус: Шымкентте тағы 4 науқас сауығып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирустан тағы 4 науқас сауығып, ауруханадан шықты, деп хабарлады Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы.

Коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан науқастардың үшеуі бір отбасының мүшелері. Дертінен айығып шыққандар- 1972 жылғы және 1996 жылғы азаматша. Сондай-ақ бұл отбасынан қауіпті індетке шалдыққан екі айлық нәресте инфекциядан жазылып шықты.

Дәрігерлер үздіксіз жасаған емнің нәтижесінде Түркістан облысынан 6-сәуір күні ауыр халде 1972 жылғы азамат  қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған еді. Бір аптаға жуық жансақтау бөлімінде жатқан науқастың өмірі үшін дәрігерлер күресіп, оң нәтижеге қол жеткізді.

Денсаулық жағдайы жақсарған азамат 20-сәуір күні үйіне шығарылды. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 16 азамат коронавирустан жазылып,үйіне шығарылған. 
Өзгелердің жаңалығы