Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауру жұқтырғандардың үшеуі Шымкент қаласында тіркелді. Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған, деп хабарлады Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы.
Оқи отырыңыз:
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
12.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 38 адам анықталды.